$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Әскерилерді баспанамен қамтуды қарастыратын заң жобасы

AstanaTV
30.11.2017ж. 20:00
2949
Әскерилерді баспанамен қамтуды қарастыратын заң жобасы

Әскерилердің баспана мәселесі шешімін табуы мүмкін. Бүгін сенат тиісті заң жобасын мақұлдады. Құжатқа сай мемлекеттің "баспана үшін" деп бөлген қаржысы әскерилердің жеке шотына түсіп отырады. Бұл сома тұрғылықты елді мекендегі шаршы метр құнына орай рәсімделеді. Отбасының 1 мүшесіне 18 шаршы метр қарастырылған.

Қорғаныс вице-министрі Талғат Мұхтаровтың сөзінше, бөлінген қаржы тек пәтер алу мақсатында жұмсалуы тиіс. Себебі бұған дейін баспана үшін деп бөлінген қаражат әскерилердің қалтасына түсіп, оны қайда жұмсағысы келсе, сонда жұмсайтын. Ақыры зейнетке шығарда не қаражатсыз, не баспанасыз қалатын. Сенаторлардың пікірінше, бұл норманы мемлекеттік қызметкерлерге де енгізудің тетіктерін қарастыру керек.

Дархан Қалетаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

Бұл әлеуметтік жоба болып есептеледі. Сондықтан біз үкіметке осы жобаны мемлекеттік қызмет саласына да енгізуді ұсындық. Егер жүзеге асып жатса, мемлекеттік қызметтің абыройын көтеруге зор ықпал етер еді.