$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Қазақстандық МӨЗ-дер шығынмен жұмыс істейді - «ҚазМұнайГаз»

AstanaTV
30.11.2017ж. 20:00
3550
Қазақстандық МӨЗ-дер шығынмен жұмыс істейді  - «ҚазМұнайГаз»

Жөндеу жұмыстарын дер кезінде аяқтамаған Атырау мұнай өңдеу зауытының жетекшілері жұмыстан қуылмайды. «Астана» арнасының сауалына «ҚазМұнайГаз» басшылығы осылай деп жауап берді. Олардың айтуынша, мердігермен жұмысты аяқтау мерзіміне қатысты келісім жасалған. Зауытта бірден 12 құрылғы іске қосылады. Ол күрделі жұмыс. Бірақ жобаның кешігуі туралы айту әлі ерте дейді. Ал Павлодардағы зауытта болған жағдайға адами фактор әсер еткен дейді. Сондықтан кәсіпорын басшылығы жұмыстан кетті. Зауытта шыққан ақауды жөндеуге шет елден мамандар шақыртылған.

Данияр Тиесов, «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК мұнай тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг жөніндегі вице-президенттің м.а.:

Бүгін таңертең шетелдік дәнкерлерушілер бригадасы келді. Біз жөндеуге кірістік. Ол 20 желтоқсанда аяқталады. 25 желтоқсанда Павлордар зауыты барлық өнім бойынша толық қуатта жұмыс істейді. Өнім көлемі тәулігіне 3,7 тоннаға дейін көбейеді. Яғни қазіргіден бес есеге артық 

Тиесов жанармай тапшылығын жоюға қатысты жұмыстарға тоқталды. Бүгінде ресейліктермен келісімшарт жасалған. Қазақстанға жанармай көрші елдің 4  мұнай өңдеу заутынан жеткізіледі. Отандық зауыттарда қайта өңдеу тиімсіз дейді, ұлттық компания өкілі. 

Данияр Тиесов, «ҚазМұнайГаз» АҚ ҰК мұнай тасымалдау, қайта өңдеу және маркетинг жөніндегі вице-президенттің м.а.:

Бүгінде біз шығынмен жұмыс істейміз. Бұл факт. Басты міндеттердің бірі - қайта өңдеудің экспорттан гөрі тиімді болғанына қол жеткізу. Оның ішінде мұнай өндіруші компаниялар да бюджет те жапа шекпеуі керек. Сонда ғана зауыттарды қамту, дамыту және жаңа 4-ші зауытты салу проблемасы болмайды.