Бішкек-Алматы тас жолында апатқа ұшыраған автобустың 5 жолаушысы Жамбыл аудандық орталық ауруханасында жатыр. Олар түрлі дене жарақаттарын алған. Ал Қарасай ауданының орталығы Қаскелең қаласы мен Ұзынағашқа жеткізілген 28 науқастың дені үйлеріне қайтарылған.
Жол-көлік оқиғасы бүгін таңертең сағат 8-дер шамасында болған. Шымкенттен Алматы қаласына бағыт алған жолаушылар көлігі Ұзынағаш кентінің тұсында аударылып қалған. Оқиға орнында 2 адам қаза тапты. Қалааралық бағыттық автобус салонында 43 адам болған.
Көбейхан Нұрахмет, Алматы облыстық ІІД ресми өкілі:
Алдын ала болжам бойынша,
автобус жүргізушісі көлік тізгігіне ие бола алмай, жолаушылар автобусы жолдың
шетіне аударылып кеткен. Қазақстан
Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 4-тармағы бойынша қылмыстық іс
қозғалды.