Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Келер жылдың басында жеңілдетілген дәрі-дәрмектер мерзімінде жеткізілмеуі мүмкін

AstanaTV
04.12.2017ж. 20:00
2371
Келер жылдың басында жеңілдетілген дәрі-дәрмектер мерзімінде жеткізілмеуі мүмкін

Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі осындай қауіп бар екенін жасырмады. Қазірдің өзінде Жамбыл, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында мұндай проблема бар көрінеді. Елжан Біртановтың айтуынша, қиындықтар дұрыс жоспарламаудан болған. Сондықтан дәрілер тек ақпан айында ғана жеткізілмек. Мәселені шешу үшін министр «Самұрық-Қазына-Фармация» бірыңғай дистрибьюторының дәрі сатып алу тәртібіне өзгеріс енгізуді ұсынып, үкімет басшысынан көмек сұрады. Өйткені құжат бір апта ішінде келісіліп, 12-ші желтоқсанға дейін шешілуі тиіс, - деді министр.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР Премьер-министрі:

Жыл басынан бері бақылау керек еді. Қай аймақта жеткіліксіз болатынын болжау керек.  Есеп-қисапты жұмысын күшейту керек. Аймақтарға жыл сайын желтоқсанда айында жеткізілетінін білеміз. Биыл кешігіп жатырмыз.