$451.05 €504.95 ₽5.6

Ақтауда газ орнатылған Hyundai Tucson көлігі толығымен өртеніп кетті

Ақтауда газ орнатылған Hyundai Tucson көлігі толығымен өртеніп кетті
Фото: Lada.kz

Ақтауда Hyundai Tucson көлігі өртенді

Көлік толығымен жанып кеткен, зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды Astana TV Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, өрт туралы хабарлама 26 қазанда сағат 13:29-да түскен. Көлік 32А шағынауданындағы жол бойында, салынып жатқан «Aqbosaga» тұрғын үй кешенінің маңында болған.

«Өрт сағат 13:40-та сөндірілді. Оқиға орнында сегіз қызметкер мен екі бірлік техника жұмыс істеді», – деп хабарлады Маңғыстау облысы ТЖД.

Көлікке көлемі 45 литр болатын газ баллон жабдығы орнатылған.