$541.34 €640.73 ₽6.53
×

"Банктердің заңсыз әрекетін тоқтату керек!",-депутат

05.11.2025ж. 12:00
"Банктердің заңсыз әрекетін тоқтату керек!",-депутат
Фото: mazhilis.kz

Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев қазір банктер несие алдырту үшін халыққа қайта-қайта телефон шалып, мазасын алып жатқанын айтты.

- Біздегі банктер бизнес пен жаңа жобаларды қолдауды ысырып қойып, қарапайым халыққа еселеп жоғары пайызбен несие беруді және соны еселеп қайтарып алуды ғана біледі. Бұл ретте ресми деректерге тоқталсақ, 2025 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 8,5 млн қазақстандықтың кредит берешегі бар. Оның жалпы сомасы - 23 трлн теңге, яғни республикалық жылдық бюджетке жетіп қалатын қаражат. Оның ішінде 14 трлн теңге кепілсіз тұтыну несиесіне тиесілі. Өздеріңіз білесіздер, банктер мұнымен тоқтамады. Олар кредит беру кезінде қосымша сақтандыру енгізеді, осымен халықтың қарызы одан сайын көбейеді. Өз еркімен несие алудан бас тартқан адамдарға қоңырау шалу мен SMS-хабарлама жіберу арқылы тағы да кредит алуды ұсына береді. Осы заңсыздықтарды тоқтату үшін заң жобасында қадағалау принциптерінің жаңа деңгейлері енгізіліп жатыр. Бұл тұрғыда банктердің заңсыз әрекеттері тоқтауы керек, - деді Н. Сәрсенғалиев.