$486.47 €554.77 ₽6.26
×

Республикалық маңызы бар бірнеше автожол жабылды

05.11.2025ж. 12:35
Республикалық маңызы бар бірнеше автожол жабылды
фото: pixabay

Ауа райының қолайсыздығына байланысты елімізде стратегиялық маңызы бар жолдарда көлік қозғалысы тоқтатылды,-деп хабарлайды Astana TV.

Мысалы, «Қытай шекарасы – Майқапшагай –Зайсан айналма жолы – Қалбатау – Семей – Павлодар – Ресей шекарасы» бағытындағы барлық көлік түрлері үшін жабық.

Бұл шектеу боран, көктайғақ және көріну төмендеуі жағдайында енгізілді.

Төтенше жағдайлар министрлігі шектеу алынғанға дейін осы бағытқа шықпау керегін ескертеді.