$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қызылжарда көктайғақтың салдарынан жарақат алғандардың саны күрт өсті

Қызылжарда көктайғақтың салдарынан жарақат алғандардың саны күрт өсті

Қызылжарда да қар біраз әбігерге салды. Ақұлпа көк мұз болып қатып, көктайғаққа айналды.  Салдарынан тайып құлап, дәрігердің көмегіне жүгінгендер көбейді. Екі күннің ішінде 130 адам емеу мекемелеріне барған. Бұл қалыпты жағдайдан 1.5 есе көп, дейді сала мамандары. Қалалық жарақат бөлімінде ұзын-сонар кезек пайда болды. 20 адамның аяқ-қолы сынған. Мамандардың айтуынша ауыр жарақат алған науқастардың басым бөлігі көшеде құлаған.

ВАЛЕРИЙ ГРИБАШЕВ, ҚАЛАЛЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:

Жарақат алғандардың басым бөлігі егде жастағы адамдар. Арасында тым ауыр жарақат алғандар жоқ. Демек, ешкімді ауруханаға жатқызған жоқпыз. Екі адам саусақтарын үсіріп алыпты. Оларға да дереу көмек көрсетілді.