Ақтөбенің іргесіндегі Рауан-2 ауданының тұрғындары үйлерінде бүрсеңдеп отыр. Қазан айында қосамыз, деп уәде етілген көгілдір отын әлі жоқ. Газ құбыры жүргізілген, бірақ оны қосу жұмыстары кешеуілдеп жатыр. Жанар Датқызы толығырақ жеткізеді.
Мұнда 6 балалы отбасы тұрады. Кішкентайы -3 айлық. Үйдің ішін жылыту үшін 2-3 электр жылытқышы қосулы. Бірақ бәрібір қабырға суық, еден суық.
ЗҮЛФИЯ АЛДАШОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
Өте салқын. Өзім де, балалар да кеше деген жаңағы үйде кішкентайым да ауырып жатыр. Өзім де ауырып тұрып жатырмын.Жас босанғасын өте салқын.
Рауан-2 тұрғындар алабы- Ақтөбеге қарасты жаңа аудан. Мұнда жас отбасылар мен бала-шағалылар көп. Күн суығалы олар жылуды тоқпен сатып алып отыр. Себебі қазанда қосамыз деп уәде етілген газ әлі жоқ. Ал электр жарығы үшін айына 50-80 мың теңге төлеуге мәжбүр.
МАҚСОТ ҚҰРМАНАЛИН, РАУАН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Қазір отырғанда тоқпен жылытып отырмыз.Мысалы маған ай жарымға 80 мыңға келіп тұр осы тұрғанда. Ол мен квартидана қашып мында келгенде 80 мыңды.
НАЗГҮЛ НҰРЫШОВА, КӨПБАЛАЛЫ АНА:
Менің например үлкен енем бар.Көршілер 5 баласымен отыр.6 баласымен отыр.3 айлық баласымен отыр.Тоқпен тоқ қосып отыр.Айына 70-80 мыңға шығып жаңағы.
Ауданда қазір 500 ден астам отбасы бар. Тұрғындар биліктен ресми мәлімдеме мен жылу берілер нақты күнді күтіп отыр.
АҚСҰҢҚАР ҚҰЛДАНБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ СЕКТОР МЕҢГЕРУШІСІ:
Құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталды. Газ беретін жүйеге қосылу жұмыстары жасалды. Сонымен қатар бөлім тарапынан, мердігер мекеме тарапынан барлық құжаттар «газ-аймаққа» тапсырылды.Қазіргі уақытта газды қосу жоспары осы аптаның аяғы, келесі аптаның басына жоспарлануда.
Газ құбырын өткізу жұмыстары биыл сәуір айында басталған. Жоспарға сай қазанда аяқталуы тиіс еді. Жобаның жалпы құны -690 млн 800 мың теңге. Құбыр тартылғанымен, отын берілетін күн созылып кеткен. Ал баласы мен қарты бар әр отбасы күн суытқан сайын алаңдаумен отыр…