Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қазақстан құрамасы қысқы олимпиада ойындарына 23 жолдама жеңіп алды

AstanaTV
07.12.2017ж. 20:00
1696
Қазақстан құрамасы қысқы олимпиада ойындарына 23 жолдама жеңіп алды

Қазақстан құрамасы 2018 жылы Пхёнчханда өтетін олимпиада ойындарына 23 жолдама жеңіп алды. 10 жолдама биатлон спортынан болса, тағы 10-ы шорт-тректен. Қалған үшеуі мәнерлеп сырғанаудан. Соңғы лицензия берілетін жарыс 30-шы қаңтарға белгіленіп отыр. Сондықтан қазақстандық спортшылардың о баста жоспарлағандай кемі 50 жолдамаға қол жеткізу мүмкіндігі бар. Мәдениет және спорт вице-министрі біздің құрама қысқы олимиада ойындарында үздік 25 команда ішінен көрінуі тиіс деген мақсат қойып отырғанын айтты. Қысқы додада 80-ге жуық мемлекет спортшылары бақ сынаспақ. Айтпақшы, көршілес Ресей байрақты бәсекеге «бойкот» жарияламайтын болды. Корей республикасында өтетін додаға допинг дауынан ада спортшылар «бейтарап байрағы» астында өнерлерін көрсетуге мүмкіндігі бар. Ал біздің тарап спортшыларды алдағы уақытта тағы бір тексеретіндерін айтты. 

Сәкен Мұсайбеков, ҚР Мәдениет және спорт министрінің орынбасары:

Біздің спортшылар бірнеше рет допинг-сынама тапсырды. Ал, сынамалар Германияның Дрезден қаласына жіберілді. Нәтижесі жақсы. Біздің спортшылар «таза» десек болады. Олимпиада ойындарына 2 ай мерзім қалды. Жолдама сарапқа салынатын 30-шы қаңтарға дейін тағы бір допинг сынама алынатын болады.