$541.34 €640.73 ₽6.53
×

«Келешек мектептері» болашаққа сеніммен қарайды

«Келешек мектептері» болашаққа сеніммен қарайды

Келешек мектеп – жаңа буын көшбасшыларын дайындайды. Ақмола облысындағы Қоянды ауылындағы мектеп-лицей бірден 2500-ге жуық оқушыға құшағын жайды. Әр оқушының бейімделуіне қарай, болашақ мамандығын таңдап қана қоймай, оған кәсіби бағдар береді. Әсіресе, жаратылыстану бағытына басымдық берілген. Математика, биология, химия және физика пәндерінен қосымша бірлескен сабақтар өткізіледі. Білім ошағының басшылығы бұл оқушылардың жастайынан ғылымға бейімделуіне септігі көп дейді.

РЫСЖАН ШАМҰРАТОВА, №100 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Сабақ процессінде Жасанды Интеллектіні балаларға қандай мақсатта үйретіп жатырмыз деген сұраққа мен былай жауап берер едім. Бала қазіргі анимацияны, суретке жан бітіру, суретті сөйлету, авиацияға бейімділік, дрондарды ұшыру, дрондарды болашақта қолдану әдістері секілді заттарды үйренеді. Техника дамып жатыр ғой. Балалар сол техниканы мектеп кезінде көріп өскендігі әлдеқайда дұрыс болады. Сол нәрсеге біз бағыт-бағдар беріп отырмыз.