Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

Леонардо Да Винчидің "Әлем құтқарушысы" картинасы 450 млн долларға сатылды

AstanaTV
07.12.2017ж. 20:00
3646
Леонардо Да Винчидің "Әлем құтқарушысы" картинасы 450 млн долларға сатылды

Аукционда 450 миллион долларға сатылған Леонардо Да Винчидің "Әлем құтқарушысы" картинасын Сауд Арабиясының ханзадасы сатып алған. Оны The New York Times Бадер бин Абдулла бин Мохаммед бин Фархан Аль Сауд сатып алуы мүмкін деп болжайды. Ол - қазіргі елдің тақ мұрагері Мухаммед бен Салманның досы. Бадер 32 жаста. Бірақ жақында құрылған "Абу-Дабидегі Лувр" өнер мұражайы "Әлем құтқарушысы" картинасын көрмеге қоятынын хабарлаған.

Ал Леонардо Да Винчидің бағалы картинасы бұған дейін ресейлік кәсіпкер Дмитрий Рыболовлевке тиесілі болған. Ол аукционда сатылған ең бағалы туынды болып отыр. Бұл жауһар - осы уақытқа дейін сақталған итальяндық суретшінің 20 ескі туындысының бірі.