$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Грузияның экс-президенті, Одесса облысының экс-басшысы Михаил Саакашвилиді жақтастары босатып алды

AstanaTV
05.12.2017ж. 20:00
2624
Грузияның экс-президенті, Одесса облысының экс-басшысы Михаил Саакашвилиді жақтастары босатып алды

Бүгін Киевтің орталығында Грузияның экс-президенті, Одесса облысының экс-басшысы Михаил Саакашвили ұсталды. Бұл туралы, өзінің дереккөздеріне сүйеніп, «Интерфакс» агенттігі хабарлады. Алайда, көп ұзамай, оның жақтастары микроавтобустың артқы есігін бұзып, саясаткерді босатып алды.  Оған дейін экс-президентті Украина қауіпсіздік қызметі үйінің төбесінен әрең дегенде түсірген еді. Ол үйінің шатырына шығып алып, «Порошенко қарақшыларын» заңсыздықтары үшін айыптап, төменге секірмек болды. Экс-президентті көлікке отырғызған кезде, оның жақтастары белсенділік танытты. Олар полиция кортежінің жолын бөгеп, босатып алды.

Ал таңертең құқық қорғау органдары Саакашвилидің үйіне тінту жүргізді. Саакашвили Украинаның экс-басшысы Виктор Януковичтің жақтастарымен ымыралас болды деген күдік бар. Бас прокуратураның пікірінше, Ураинаның қазіргі президенті Петр Порошенкоға қарсы митингілерді солар қаржыландырып отыр. Айта кетерлігі, кезекті көтеріліс өткен аптада ғана болды.