Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Қызылордадағы атышулы шыны зауытының құрылысы қайта жалғасты

AstanaTV
05.12.2017ж. 20:00
3513
Қызылордадағы атышулы шыны зауытының құрылысы қайта жалғасты

Отандық шыны өнімін шығарытын зауыт келесі жылдың жазында пайданалуға берілетін болды. Осы жылдын басында Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысы болуы мүмкін деген бас мердігер - «Шымкентхиммонтаж» компаниясы құрылыс алаңынан кетіп, жұмыстар тоқтатылған болатын. Нысанды аяқтау жұмыстарын қытайлық компания қолға алған. Әріптесім Шарипа Сақтапова атышулы зауыттың құрылыс барысын көріп қайтты.

Араға жарты жыл салып, құрылысқа жан бітті. Оған жаңа дем берген қытайлық компания. Жаңа мердігер құрылысқа елуге жуық жұмысшыны тартқан. Таяуда тағы тоғыз бірдей қосалқы мердігер компания қатарды толтырмақ. Қытайлықтар осыған дейін атқарылған жұмыстардың осал жерлерін анықтаған.

Бағлан Тоқаев, құрылыстың бас инженері:

Жұмыстарын тексеріп, құрылыс көптен бері тоқтап қалды, сондықтан жаңағы кейбір жерлерін қайтадан жөндеп істеу мәселесі бар. Жаңа мердігер оның бәрін жөндеп, қайтадан қалпына келтіреді. "Қазақстан даму банкі" арқылы қаржыландырылады. Қазіргі танда жаңа мердігерге аванс ретінде 2 миллиард 800 миллиондай төленді, теңге. Жалпы сомасы 36,7 миллиард теңге құрайды.

Еліміздегі шыны табақшаларын шығаратын алғашқы зауыт құрылысы 2015 жылдың мамыр айында басталған болатын. Жұмысшылар бірінші өнімді 2017 жылдын жазында шығаруды жоспарлап та қойған еді. Тіпті энергия үнемдейтін шыны түрін халықаралық "ЭКСПО-2017" көрмесіне әзірлеу жоспарланып, осы жылдың аяғына дейін тәулігіне 600 тонна шыны өнімін өндіретін кешен бар қуатына қосылу тиісті еді. Алайда бас мердігердің басы бәлеге қалып, "Шымкентхиммонтаж" компаниясы аты шулы іске қатысты кетуге мәжбүр болды. Мамандардың айтуынша, жаңа мердігерді табу оңайға соққан жоқ.

Жанар Берденова, облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары:

Мердігер компанияны құрылыс-монтаж жүргізетін іздестіру жұмыстары бірқатар уақыт жүргізілді. Нәтижесінде 2017 жылдың мамыр айында Пекин қаласында өткен «Бір белдеу-Бір жол» халықаралық форум аясында екі елдің мемлекет басшылары қатысып, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігер компания ретінде «Чайна Триумф» компаниясымен  «Orda Glass Ltd» ЖШС меморандумға қол қойды. Шыны зауытының технологиясы өзі іске қосу жылы ауа-райын қажет етеді. Сондықтан келер жылдын көктемінде балқыту пеші іске қосылып, үш ай бойы қыздырылады.

Зауытты іске қосу мерзімі айқындалды. 2018 жылы Астана күніне орай өндіріс кешенінен алғашқы шыны шығарылмақшы. Жалпы зауыт Қазақстаннын шыны өнімдерінің барлық түрлерін өндірмек. Ал өндірісті жергілікті мамандар жүргізеді деген болжам бар. Ресейдің Мәскеу, Санкт-Петербург қалаларының жоғарғы оқу орындары мен қызылордалық агроколледжде техникалық білім алып жатқан 500-ге жуық студент кейін осы зауытта еңбек жолын бастамақ. 

Шарипа САҚТАПОВА