Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Алматыда Геннадий Бендицкийді туған елі соңғы сапарға шығарып салды

AstanaTV
06.12.2017ж. 20:00
2709
Алматыда Геннадий Бендицкийді туған елі соңғы сапарға шығарып салды

Алматыда Геннадий Бендицкийді туған елі соңғы сапарға шығарып салды. Журналистика мамандығында өз ізін салған азаматпен қоштасу рәсімі Ғылым академиясының ғимаратында өтті. Қаралы жиынға туған-туыстарынан өзге, қатарлас әріптестері мен көзі тірісінде шарапаты өткен шаһар тұрғындары жиналған. Бәрі дерлік "бұл заманның батыры өмірден өтті" деп көңілдері босап, көздеріне жас алды.

Қазақстандық журналист Геннадий Бендицкий 47 жасына қараған шағында, тура туған күнінде өмірден озды. Қамшының сабындай қысқа ғана ғұмырында ол бірқатар ақпараттық-сараптамалық бағдарламалардың шығарушы редакторы қызметін атқарды. Жеке авторлық бағдарламасын жүргізді. Газеттер мен сайттарға мақалаларын жариялады. Ол елдің мұңын, қоғам шындығын, халық сөзін бүкпесіз жеткізетін.

Айдос Сарым, саясаттанушы:

Бізде журналисттік зерттеу дегенді мемлекеттік органдардың немесе күштік құрылымдардың өздері апыл-ғұпыл дайындап бере салатын дүниесі деп түсінеді. Ал, мысалға, белгілі бір фактіні, белгілі бір деректі алғаннан кейін оның артын іздеу, қазу, қаузау, адамдардың артынан айлап, апталап жүгіру деген жанр бізде жоқтың қасы. Бұл енді штучный товар дейді ғой, сондай үлкен дәрежедегі журналист. Өкінішке орай, бүгінгі күні оның орны ойсырап тұр.