$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ШҚО-да «гонконг тұмауын» жұқтыру дерегі тіркелді

16.11.2025ж. 16:25
ШҚО-да «гонконг тұмауын» жұқтыру дерегі тіркелді
Фото: pixabay

Шығыс Қазақстан облысында «гонконг тұмауына» шалдыққандар тіркелді,- деп хабарлайды Astana TV.
ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бұл жаңа вирусты жұқтырғандардың дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, оңайлықпен түспейді. 

- Зертханалық мониторинг нәтижесінде облыста А/H2N3 типті тұмаудың, яғни «гонконг тұмауының» 5 фактісі анықталды. Бұл вирусты емдеу жалпы жедел респираторлық вирустық инфекцияларды емдеу тәртібімен бірдей жүргізіледі, — дейді департаменттің эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Әсем Халықова.

Өңірде эпидемиологиялық маусым басталғалы бергі бір жарым ай ішінде 41 мың ЖРВИ тіркелген. Науқастардың жартысынан астамы — 14 жасқа дейінгі балалар. Соған қарамастан, бұл көрсеткіш былтырғы 2024-2025 маусыммен салыстырғанда 10 пайызға төмен.

-Облыста тұмаудан бөлек риновирус, аденовирус және боковирус та тарап жатыр. Соңғы аптада ЖРВИ-мен сырқаттанғандар санының өскені байқалады, — дейді Ә.Халықова.