$541.34 €640.73 ₽6.53
×

“Қайрат” ойыншысы Әлем чемпионаты іріктеуінің үздігі атанды

17.11.2025ж. 09:16
“Қайрат” ойыншысы Әлем чемпионаты іріктеуінің үздігі атанды

17 жастағы шабуылшы ұлттық құрамадан бөлек, әлемдік футбол тарихына кірді,-деп хабарлайды Astana TV Аladop.kz сілтеме жасап.

Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең жас гол авторы. Ол 2018 жылы Венгрия қақпасына 18 жаста нәтиже тіркеген Еркебұлан Сейдахметтің рекорды бұзды. 

Халықаралық статистика деректеріне сүйенсек, Дастан Әлем чемпионаты іріктеуінде гол соққан ең жас футболшылар тізімінің үздік үштігіне кіріпті. 

Үздік 3 футболшы тізімі төмендегідей:

• Кендри Пайес (Эквадор) - 16 жас 5 ай

• Улафала Сонгаси (Тонго) - 17 жас 1 ай

• Дастан Сатпаев (Қазақстан) - 17 жас 3 ай

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев ел құрамасының 18 қарашада өтетін Фарер аралдарына қарсы жолдастық кездесуіне қатыспайды. Ел құрамасы бапкері "Қайрат" ойыншыларына кешегі кездесуден кейін демалыс беріпті.