Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

«Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауында Ішкі істер министріне 30-ға жуық адам арыз-шағымын арқалап келді

AstanaTV
06.12.2017ж. 20:00
2759
«Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауында Ішкі істер министріне 30-ға жуық адам арыз-шағымын арқалап келді

Бүгін 30-ға жуық қазақстандық полицейлер ісінің шалағайлығына шағымданып, Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов өткізген қоғамдық қабылдауға келді. Министрдің қоластындағы қызыл жағалылар кейде халықтың көңілінен шықпағаны былай тұрсын, бәленің бел ортасында өздері де қалып жатады.

Мысалы, Балхаштан келген Нұртас Асанов өзіне жабылған екі бірдей бұзақыны ұстап, полицейге тапсырады. Кейін олардың ата-анасы кешірім сұраған соң, арызды қайтарып алған. Алайда, полицейлер оны іс бойынша куәгер етіп, мұнан соң өзін кінәлай бастайды. Артынша іс бойынша сот басталып, оны 4 жылға шартты түрде бостандығынан шектеген. Ол осы іске қатысты мәселе бұрмаланғанын айтады, тіпті сөзін сараптамада дәлелдепті. Бірақ әрмен қарай шағымданып, өзінікі дұрыс екенін дәлелдеп шығу үшін, істің көшірмесін ала алмай жүр.

Юрий Ючков, Н.Асановтың адвокаты:

Экспертизада дәлелдеді. Олар шешім көшірмесін бізге бергенін талап етеміз. Жоғарғы сотқа шағымдансақ деп едік. Бірақ бізге көшірмесін бермей, істі созбақтап отыр. Ал, бізде шағымданатын уақыт аз қалды.

Министр бұл істі жіті бақылауға алатынын айтты. Мұнан өзге қабылдауға бұрынғы полицейлер де келіп, кейбірі қайта жұмысқа тұрғысы келетінін айтты. Оңтайлы сәтті бейнебайланыс арқылы аймақтағы тұрғындар да пайдаланып, көкейкесті сұрақтарын қойып үлгерді.