Мәжіліс депутаттары ішкі туризм бағасын заңмен белгілемек. Саладағы басты проблемалар бүгін «Нұр Отан» партиясы фракциясына мүше депутаттармен әлеуметтік- мәдени даму комитеті мүшелерінің қарауына түсті. Мәжілісмендердің сөзінше, ішкі туризмде әлі де бас ауыртар мәселе көп. Осыған қарамастан Қазақстанның туризм саласындағы мүмкіндігі зор. Себебі елде мәдени-тарихи орындар жетіп артылады. Бірақ осы саланың дамуына септесетін арнайы заң жобасы жоқ. Сондықтан келер жылдың басында мәжіліске жаңа заң жобасы енгізілмек. Құжат курортты аймақтарды көбейтіп қана қоймай, оларды қазақстандықтар үшін тартымды етпек.
Шавхат Өтемісов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:
Айтылатын
мәселе ол - Қазақстанға келтіру процедурасын жеңілдету. Яғни ол аэропорттан
басталып, қонақ үйге бару, көздеген жоспарлаған объектілерін көру - бар жұмысты
жеңілдетуге арналған. Қазіргі жағдайда біз халықаралық стандартқа жете алмай
отырмыз.