$541.34 €640.73 ₽6.53
×

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады

17.11.2025ж. 19:03
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Алар Карис келіссөздер қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады

Мемлекеттер басшыларының қатысуымен Қазақстан мен Эстонияның ресми делегация мүшелері және бизнес құрылымдарының өкілдері мынадай ведомствоаралық және коммерциялық құжаттармен алмасты.

1. Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі мен Эстония Республикасы Әділет және цифрлық істер министрлігі арасындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Эстония Республикасы Климат министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

3. Қазақстан Республикасы Жоғары білім және ғылым министрлігі мен Эстония Республикасы Білім және ғылым министрлігі арасында жоғары білім саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

4. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Эстония Республикасы Ауыл шаруашылығы және өңірлік істер министрлігі арасында мал шаруашылығы саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

5. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Эстония Республикасы Климат министрлігі арасында қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстар саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті мен Эстония Республикасы Қаржы министрлігі Салық-кеден департаменті арасында кеден ісіндегі өзара түсіністік туралы меморандум;

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Эстония Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

8. Ақмола облысы әкімдігі мен эстониялық OÜ Eesti Viljasalv компаниясы арасындағы үш жыл ішінде 1 миллион тонна көлемінде майлы дақылдар жеткізу туралы келісім;

9. «Alstom Kazakhstan» АҚ мен Operail компаниясы арасындағы локомотивтер сатып алу туралы келісім;

10. «Alageum Electric» АҚ мен Таллин машина жасау зауыты арасындағы жылу алмастырғыштар өндіретін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісім;

11. «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ мен Силламяэ порты арасындағы логистиканы қамтамасыз ету жөніндегі келісім.