ТЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, бүгін таңертең Түркістан облысы ТЖД «101» пультіне Жетісай ауданының Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен.
Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенге дейін тұрғын үй толықтай өртке оранған.
Өртті барлау және сөндіру барысында үйдің ішінен ес-түссіз күйдегі үш адам эвакуацияланып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды. Үйдің ішінен тоғыз баланы қоса алғанда, барлығы 12 адамның денесі табылды.
Көршілердің айтуынша, алдыңғы күні үй иелері іс-шара өткізген, үйде қонақтар болған.
Өрт 360 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.
Оқиға орнында барлық жедел қызметтер жұмыс істеп жатыр. Өрттің шығу себептері белгісіз. Тергеу басталды.
https://kaz.inform.kz/news/turkstan-oblisinda-zher-ude-bolgan-ortten-12-adam-mert-boldi-96aa6c/