$541.34 €640.73 ₽6.53
×

ТЖМ құтқарушылары 25 адамды эвакуациялады

18.11.2025ж. 13:23
ТЖМ құтқарушылары 25 адамды эвакуациялады
фото: ТЖМ

Бүгін 112 нөміріне Қостанай облысының Федоров ауданынан 10 шақырым қашықтықтағы республикалық маңызы бар «Алматы–Екатеринбург» автожолында шетелдік азаматтар мінген автобус бұзылғаны туралы хабарлама түсті.

Көлікте барлығы 66 адам болған, оның 2-і бала. Олар Ресей Федерациясынан Тәжікстан Республикасына қарай жол жүріп бара жатқан.

Оқиға орнына ТЖМ құтқарушылары жұмылдырылып, 25 адамды, оның ішінде 1 жүкті әйел мен 2 баланы Федоров ауылындағы жылыту пунктіне жеткізді.

Сонымен қатар, жол қызметі бұзылған автобус пен оның ішіндегі адамдарды Федоров ауылына дейін сүйреп жеткізді.