Президенттің тапсырмасы бойынша өрттің себебін анықтау үшін Үкіметтік комиссия құрылды. Оны Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев басқарады. Жұмыс құрамында Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы бар. Зардап шеккендер мен қаза тапқандардың отбасына барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп бастады. Қылмыстық іс қозғалды.