Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Оралдық әйел төрт баласымен Сириядан оралды

AstanaTV
08.12.2017ж. 20:00
2321
Оралдық әйел төрт баласымен Сириядан оралды

Сириядағы соғыс ошағынан Оралға төрт баласымен келген келіншек жазаға тартылмайды. Бұл туралы БҚО дін істері басқармасының басшысы Саялбек Ғиззатов мәлімдеді. Өйткені Ұлттық қауіпсіздік комитеті әйелдің қарулы қақтығысқа қатысы болмағанын анықтап, теріс ағымнан жапа шеккен деп отыр. Оралдық келіншек үш жыл бойы ДАИШ лаңкестік ұйымының құрсауында болған. Енді ол жерлестері әдемі уағыздың жетегінде кетпесе екен деп отыр.

Ана жақта жағдай қиын. Олардың көрсеткен видеоларында бәрі жақсы, күшті, бомбаламайды деген. Барғанда олай емес. Ауруханада бәрі лас, антисанитария. Дәрігерлер жоқ. Олардың мамандықтары да жоқ, надан адамдар. Бүгін олар еден жуушы, ал ертең дәрігер боп отырады. Ақша үшін жүргендер.

Жат ағымның арбауына шырмалған әйелге қазір көмек көрсетіліп, шетелде туған балаларының құжаттары рәсімделіп жатыр. Жат жерден жәннат іздеп барып, тозаққа тап болған келіншектің тағдыры туралы толығырақ ертең "Біздің уақыт" бағдарламасынан көре аласыздар.