Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

ҚДБ теңгеге сатылатын 100 млрд еуробонд шығарды

AstanaTV
11.12.2017ж. 20:00
1648
ҚДБ теңгеге сатылатын 100 млрд еуробонд шығарды

Қазақстан Даму банкі 100 млрд теңгеге еуробонд шығарды. Бағалы қағаз үш жыл айналымда болады. Жылдық кірісі 9,5 пайызды құрайды. Оны сатып алатын инвесторлар әлемнің әр түкпірінен. Мәселен, 63 пайызы Ұлыбритания, 21 пайызы АҚШ, 8 пайызы Германияның қалталылары болады деген жоспар бар. Қалған 6 пайызына басқа да Еуропа елдері қызығушылық білдірген. Еуробондты теңгеге сатып алу, банктегі төл валютаның көлемін арттырады. Бұл өз кезегінде отандық бизнес үшін де пайдалы. Яғни нарықта теңге тапшылығы проблемасын шешуге сеп болады, - дейді Болат Жәмішев.  

Болат Жәмішев, "Қазақстан даму банкі" АҚ басқарма төрағасы:

29 инвестор қатысты. Барлығы дерлік инвестициялық қор өкілдері. Спекуляция байқалмайды. Инвесторлардың жағрапиясы да әртүрлі. Еуропа елдері, АҚШ, сондай-ақ екі қазақстандық инвестор бар. Сұраныстың ұсыныстан 68 пайызға артық болуы, инвесторлардың пайда табуға деген сенімін арттырады.