Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Нұр Отан» партиясының белсенділері Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін түйіндеді

AstanaTV
11.12.2017ж. 20:00
2178
«Нұр Отан» партиясының белсенділері Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін түйіндеді

Қызылжарда «Нұр Отан» партиясының белсенділері Қазақстанның тәуелсіз жылдарындағы жетістіктерін түйіндеді. Дөңгелек үстел қатысушыларының айтуынша, еліміз аз уақытта айтарлықтай нәтижеге қол жеткізді. Ядролық қарудан бас тартып, төрткүл дүниені таң қалдырған Қазақ елінің бүгінде әлем алпауыттарымен терезесі теңесті. Сан түрлі салада дамып келеді. Әсіресе экономикалық бағыты оқ бойы озық шығудың жақсы үлгісін көрсетіп отыр. «ЕХРО» халықаралық көрмесінің біздің елде өтуі - бұған бірден бір дәлел, дейді кеңес мүшелері.

Елімізде ұлтаралық татулық мектеп қабырғасынан қалыптасады. Мәселен, Қызылжардағы 17 мектепте түрлі ұлт өкілінен құралған 9 бөлім бар. Әр балаға білім ошағында өз халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын зерттеуге мүмкіндік берілген
.