Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Алдағы уақытта ірі сауда орындары тұрғындардан шағым түскенде ғана тексеріледі

AstanaTV
11.12.2017ж. 20:00
2167
Алдағы уақытта ірі сауда орындары тұрғындардан шағым түскенде ғана тексеріледі

Бұдан былай ірі супермаркеттер тұрғындардан шағым түскенде ғана тексеріледі. Бұл туралы Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігі комитет төрағасының орынбасары мәлімдеді. Айтуынша, бұл шара отандық бизнесті дамыту үшін жасалып отыр. Халық тұтынатын тауарлар сататын орындар қауіптілігі төмен нысандарға өткізілген. Сондықтан сәйкесінше, тексерістер де азаймақ.

Берік Шәріп, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары:

Бұл объектілер бұның алдында ерекше тексеріс бойынша өтетін. Қазіргі кезде ол ірі қауіптілігі бар объектілерден кіші қауіптілігі бар объектілерге өтуі нәтижесінде супермаркеттер бұрынғыдай қадағаланбайды. Тек қана шағым түссе, тексеріледі.