Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

10 ақтөбелік «Нұр Отан» партиясына мүшелікке қабылданды

AstanaTV
12.12.2017ж. 20:00
3038
10 ақтөбелік «Нұр Отан» партиясына мүшелікке қабылданды

«Нұр Отан» партиясы мүшелерінің қатары артты. Бүгін 10 ақтөбелік азамат партия қатарына қабылданды. Олардың арасында кәсіпкерлер, спортшылар мен белсенді жастар бар.

Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада партия жұмысына белсене араласқан 5 адам алғыс хатпен марапатталды. Сондай-ақ, «Үздік бастауыш партия ұйымы», «Ең үздік қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауларының жүлдегерлері де сыйлықтан тыс қалмады. 6 адамға партия төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммедтің атынан «Құрмет грамотасы» табыс етілді. Ақтөбе облысында «Нұр Отанның» 45 220 мүшесі бар. Биыл партия қатарына 6 554 адам өткен. 

Қуаныш Баянбаев, «Нұр Отан» партиясы қатарына қабылданушы:

Партияның жаңа жобалары, партияның жаңа мақсаттары жүрегіме жағымды.  Елбасының командасына қосылу - мен үшін өте үлкен мәртебе және жауапкершілік.

Нағима Тілембаева, Шалқар аудандық мұражайы бастауыш партия ұйымының төрайымы:

Өтетін іс-шаралардың мақсаты  партия жобалары аясында. Олар - Елбасы саясатын насихаттау, елімізді сүю, патриоттық тәрбие беру, өлкеміздің тарихын насихаттау.