Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Радикал жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек - Н.Назарбаев

AstanaTV
13.12.2017ж. 20:00
2130
Радикал жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек - Н.Назарбаев

Радикалды көзқарастағы жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Бас мүфти Серікбай қажы Оразды қабылдаған Президент осылай деді. "Қазақстан - зайырлы мемлекет. Министрлік дінге қандай да бір шектеу қою үшін құрылған жоқ. Дін саласында тәртіп орнатып, дін жолындағы адамдардың бір-бірінің құқығын бұзбауын қамтамасыз ету үшін құрылған, - деді Мемлекет басшысы. Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мұсылмандары үшін ханафи мазхабының дәстүрлі сипатына назар аударды. Бұл ағымның мәнін көпшілікке ұғындыру қажеттігін айтты. "Мешіттерге сән үшін баратындар, шалбарының балағын қысқартып, сақал қойған діндарлар да бар. Солардың бәріне ислам дінінің негізін түсіндіру керек, - деді Президент.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Радикалды көзқарастар дейміз ғой, солармен сөйлесіп, олардың жолы дұрыс емес екенін түсіндіретін нақты сөзбенен іспен адамдар керек, сіздер білікті имамдар, оқымысты адамдар, Құранды жетік білгеннің арқасында, сол жолдың не екенін түсіндірмесек, жастар оны қайдан біледі? Сондықтан кейбір заңнамалар актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгіземіз деп отырмыз.