$498.34 €519.72 ₽4.85
×

300-ге жуық мемлекеттік органның деректер базасы egov порталында интеграцияланбаған

AstanaTV
14.12.2017ж. 20:00
2996
300-ге жуық мемлекеттік органның деректер базасы egov порталында интеграцияланбаған

300-ге жуық мемлекеттік органның деректер базасы әлі күнге дейін электронды үкімет порталында интеграцияланбаған. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында өткен жиын барысында Мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік төрағасы Әділбек Мұқашев мәлімдеді. Шенеунік бұл түйінді мәселені шешудің жолдарын ұсынып отыр. Ал әзірге  оның барысын ұлттық экономика министрлігі қадағалайды. Атқарылған жұмыстар тізбегіне қарамастан, мемлекеттік қызмет көрсетудің басым көбі әлі де қағазбастылықты қажет етеді.

Майра Айсина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Министрліктердің ақпараттық жүйелері әлі де болсын интеграцияланбаған. Сондықтан осындай жұмыс жүріп жатыр. Және ведомствоаралық комиссия үкімет қасында жасалып жатыр. Биылдың өзінде 13 отырыс өтті. Жұма сайын 1-2 рет өтіп отырады. Сол қалыппен жұмыс істеп жатырмыз. Қағазбен жасайтын жұмысты электронды түрге көшіруге тырысамыз.