Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Қазақстанда 600-ден астам киелі орындар анықталды

AstanaTV
14.12.2017ж. 20:00
5021
Қазақстанда 600-ден астам киелі орындар анықталды

Қазақстанда 600-ден астам киелі орындар анықталды. Бұл туралы киелі орындар ғылыми- зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғалиұлы баяндады. Астанада "Қазақстандағы киелі жерлердің географиясы" жобасының талқылауы бойынша "Мирас" республикалық кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Шараға "Нұр Отан" партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев, мәжіліс депутаттары мен ғалымдар қатысты.

Көне орындар тізімі бойынша жұмыс істеген сараптамалық кеңес нысандарды екі деңгейге бөліп отыр. Жалпыұлттық және аймақтық. Алғашқы тізімге 185 киелі орын енгізілді. Ал өзгесі аймақтық деңгейде деп саналып отыр. Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, тізім нақты бекітілмеген. "Сакралды Қазақстан" жобасы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 5 жыл бойы жалғасады.

Берік Әбдіғалиұлы, "Сакралды Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының директоры:

Бірінші рет жалпыұлттық жүйе құрастырып жатырмыз. Жалпы картасы алғашқы рет жасаланып отыр. Сондықтан көптеген жаңа жерлер біз білмейтін тарихымызға байланысты жаңа жерлер шығып жатыр. Бұл жұмыс кейін де жалғасады.