Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Астаналық тұрғындар балаларын көлік қағып кетеді ме деп қорқып отыр

AstanaTV
14.12.2017ж. 20:00
2347
Астаналық тұрғындар балаларын көлік қағып кетеді ме деп қорқып отыр

Астананың бір топ тұрғыны "балаларымызды көлік қағып кете ме" деген қорқыныштың құшағында өмір сүріп жатыр. Жұмабаев көшесінде жаяу жүргіншілер белгісі қойылмағандықтан, мектеп оқушылары өмірін тәуекелге тігіп, жолдан өтіп жүр. Жол қиылысына белгі қою неге созылып кетті? Қала билігінің өкілдері бұл мәселені қалай шешпек? Тілішіміз Диана Сапарқызы аңықтап көрді.

Қымбат Беркінбаева, мектепке баратын екі баласы үйге аман-сау қайтқанша, тағатсызданып  отырады. Күн сайын алаңдаумен уақыт өткізетін ананың шыдамы әбден таусылған. Себебі Жұмабаев көшесіндегі мына қиылыста жаяу жүргінші белгісі түгілі, жасанды тегіс емес жер қондырғылары да қойылмаған.

Қымбат Беркінбаева, тұрғын:

Балаларға жолдың ар жағына өту қиын. Әсіресе таңертең мына жолдан өтейін десе, автокөлік жүргізушілері тоқтамайды. Жұрттың барлығы асығыс екенін түсінемін, жол бергісі келмейді. Ал түс кезінде балаларым өздері жолдан өтеді.

Тұрғындар қалалық әкімдікке бірнеше рет өтініш жазған. Алайда, әлі күнге дейін оның жауапсыз қалғанын айтып отыр.

Анель Қордабаева, тұрғын:

Жүргізушілердің жол бермеуге қақысы бар, өйткені арнайы белгі мұнда жоқ. Біз әкімдікке талай рет өтініш жаздық. Жауап жоқ. Қайғылы жағдай орын алмай тұрғанда, бізге көңіл аударсыншы.

Тұрғындардың мәселесімен қалалық әкімдікке сұрау жіберген едік. Шенеуніктердің айтуынша, бұл көшеде жоспарға сәйкес, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан көрінеді. Қыс мезгілі болғандықтан, әзірге шаруа тоқтап тұр.

Эльвира Жүргенбаева, Астана қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

Егер де аталған көшеде жасанды тегіс емес қондырғылар болмаған жағдайда, онда бізге ішкі істер департаментінен арнайы ұсыныс түсу керек. Сол ұсынысты жүзеге асыратын біздегі тиісті басқарма бар. Сол басқарма ұсынысты алып жүзеге асыратын болады.

Диана Сапарқызы, тілші:

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, 2018 жылы Жұмабаев көшеснің қиылысында бағдаршам қойылады деп жоспарланған. Ал әзірге көшенің тұрғындары жасанды тегіс емес қондырғы орнатқызудың қамына кіріскенОл үшін  ішкі істер департаментіне барып өтініш түсірулері қажет көрінеді.