Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қостанайдағы «УК-161/2 мекемесінде» тұңғыш рет еңбек жәрмеңкесі өтті

AstanaTV
14.12.2017ж. 20:00
2643
Қостанайдағы «УК-161/2 мекемесінде» тұңғыш рет еңбек жәрмеңкесі өтті

Түрмедегі еңбек жәрмеңкесі. Қостанайдағы «УК-161/2 мекемесінде» жазасын өтеушілер үшін бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті. Оның мақсаты - сотталғандардың бостандыққа шыққанда жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету. Аймақта тұңғыш рет ұйымдастырылған шараның тиімділігі мол, - дейді мамандар. Заңғар Санай тарқатады

Биыл түзету мекемесінен 150 адам босап шықса, соның жиырмасы ғана жұмысқа орналасқан. Бұл туралы қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қостанай облыстық департаменті хабарлады. Бұл өте мардымсыз көрсеткіш болғандықтан, сотталғандарды алдын-ала  еңбекпен қамту шарасы қолға алынып отыр. Және бұған жазасын өтеп жатқан азаматтар да риза.

Ұсыныстары көңілге қонымды. Қандай жұмыс болса да, енді сотталып шыққан соң біз жұмыс таңдамаймыз ғой. Бұл кісілер қандай жұмыс ұсынады, сол жұмыс көңілімізге қонып жатрса, әрине, сол жұмысқа тек ғана ризамыз. Құдай қаласа, бір жарым жылдан кейін бостандыққа шықсам деп дайныдалып отырмын. Және осындай шаралардың арқасында жұмыс табу біз үшін қиыныға соқпайды деп ойлаймын

Темір тордың ар жағындағылар электрик, дәнекерлеуші секілді  мамандықтарды меңгеріп шығады. Оларға түзету мекемесінде кәсіби-техникалық колледж деңгейінде білім беріледі. Жыл сайын бостандыққа шығатындардың 20 пайызға жуығы арнайы кәсіптік курсты тәмамдап мамандық алып шығады екен.

Динара Есіргепова, Қостанай қаласы УК-161/2 мекемесінің аға инспекторы:

Сотталғандардың арасында жиырма пайызға жуығы еңбекпен қамтылғанОлар осындағы «еңбек» ұйымында жұмыс істейдіҚолөнер, ұлттық бұйымдар жасайдыНан пісіру, темірден қоршаулар жасау секілді жұмыстармен қамтамасыз етілген.

Абақтыда өткен еңбек жәрмеңкесіне жуық арада бостандыққа шығатын отызға тарта адам қатысты. Оларға шаһардағы бірнеше құрылыс компаниялары мен коммуналдық кәсіпорындар бос жұмыс орындарын ұсынды. Яғни жазасын өтеп болған жандар оларға жұмыс сұрап жүгінуіне болады. Сондай-ақ компания өкілдері соттлағандарға болашақта айналысатын істің талап-тәртібін түсіндірді.  

Заңғар САНАЙ