Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Өскемен әуежайында жаңа терминал ашылды

AstanaTV
14.12.2017ж. 20:00
2160
Өскемен әуежайында  жаңа терминал ашылды

Өскемен халықаралық әуежайы жаңғыртылды. Тәуелсіздік күні қарсаңында шығыста жаңа қону терминалы ашылды.  Нысан заман талабына сай. Жүк қабылдау, бейнебақылау секілді барлық қажет-жарақтармен жабдықталған. Баласы бар жолаушыларға арнайы бөлме де ашылды. Терминал  құрылысы 2016 жылы тамызда басталды. Оны "Ертіс" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы қаржыландырған. Құны 554 млн теңге. "Б" терминалы шығыс үшін аса маңызды. Өйткені өңірден Ресей, Қытай және Моңғолия әуе маршруттары өтеді. Қазір ұшу жолағын жөндеу қарастырылып жатыр.

Олеся Краскова, жолаушы:

Қыста Астана арқылы ұшып қайтамыз. Жүгімізді ұзақ күтіп, абыр-сабыр болатын едік. Біздің қала мен облысқа бұл өте ыңғайлы. Енді басқа елден келетін туристер, әсем табиғатымыздан бөлек, ыңғайлы жағдайға да дән риза болады деп ойлаймын.