$465.74 €537.23 ₽5.62
×

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ университеті меморандумға қол қойды

19.12.2025ж. 15:15
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ университеті меморандумға қол қойды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен БҰҰ университеті меморандумға қол қойды. Бұл туралы Ақорда хабарлады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев пен БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - университет ректоры Чилидзи Марвала Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі және Біріккен Ұлттар Ұйымы университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды,-делінген хабарламада.