Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Түрмеде жазасын өтеп жүргендер жоғары білім ала алады

AstanaTV
20.12.2017ж. 20:00
3296
Түрмеде жазасын өтеп жүргендер жоғары білім ала алады

Түрмеде жазасын өтеп жатқандардың енді жоғары білім алуына мүмкіндік тумақ. Жаңа жоба 2018 жылғы оқу жылында жүзеге асады деп күтіліп отыр. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев айтты.

Бүгінде елдегі 86 түрмеде 29 мыңдай адам жазасын өтеп жатыр. Бас бостандығынан айырылғандарға орта білім беру міндетті болғанымен, жоғарғы білім қарастырылмаған. Жоба осы проблеманы шешуге бағытталды. «Жаңа педогогикалық технологияларды пайдалану арқылы сотталғандарға жоғары білім беру» пилоттық жобасы алдымен Алматы және Павлодардағы түрмеде сынақтан өтеді. Мейрам Аюбаевтың айтуынша, қазірдің өзінде Алматы облысы Заречный кентіндегі түзету мекемесінде 8 адам оқуға ниет танытып отырған көрінеді. Жоғары білім беру екі санатта жүргізілмек.

Мейрам Аюбаев, ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары:

Біріншісі сырттай дейді «Кейстік» вариант дискімен оқитын, екінші, онлайн -  интернет арқылы. Бір нюансы - бұлар сотталған адамдар ғой. Қазіргі бізде мемлекеттік емтиханды қалай тапсырады? Негізінде жай адамдар келіп тапсырса, соны зерттеуіміз керек. Негізінде, сотталған адамдардың арасында жоғарғы білім аламыз деген адамдар бар. 

Комитет төрағасының орынбасары, ең басты мәселе оқу орындарына түсу үшін тапсыратын мемлекеттік емтихан жүйесінің әлі бір ізге түсе қоймағанын айтты. Алдағы зерттеу жұмыстары аясында мұны жолға қою қарастырылып отыр. Айта кетерлігі, білім алу ақылы болады. Төлемақыны сотталғандардың туыстары немесе ата-анасы төлейді.  Темір торда жазасын өтеушілер, сондай-ақ,  қалаған мамандығын таңдауға құқылы.