Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

«Астана-8» келіссөзінде Сирия халықтық Конгресіне қатысушылар тізімі қаралды - СІМ

AstanaTV
21.12.2017ж. 20:00
2383
«Астана-8» келіссөзінде Сирия халықтық Конгресіне қатысушылар тізімі қаралды - СІМ

Бүгін Сирия дағдарысын реттеу бойынша Астана келіссөздерінің 8 кезеңі басталды. Жиынға келген делегаттар Сирия халықтық Конгресіне қатысушылардың тізімін талқылады. Бұл туралы СІМ департаментінің басшысы Айдарбек Тұматовқа сілтеме жасай отырып «Интерфакс» хабарлады.

Кешегі жаңалықтарымызда жиынға Түркия, Иран мен Ресейдің, және Сирия оппозициясының өкілдері келгенін хабарлаған едік. Сонымен қатар, АҚШ пен Иордания сынды бақылаушы елдер де қатысып жатыр. Ал ертең өтетін басқосуға БҰҰ-ның арнайы өкілі Стаффан де Мистура келеді деп жоспарланған. Келіссөздер барысында тараптар Сирия аумағында ұрланған және іс-түзсіз жоғалған адамдардың мәселесін талқыламақ. Астана келіссөздерінің 8 кезеңі екі күнге созылады деген жоспар бар.