Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Өскемендегі автобус парктері несие ала алмай отыр

AstanaTV
20.12.2017ж. 20:00
2156
Өскемендегі автобус парктері несие ала алмай отыр

Өскемендегі автобус парктері қайта жандану үшін несие ала алмай отыр. Қаңтарда болатын тендерге қатысудың өзі екіталай болып тұр. Оған себеп те жоқ емес. Өйткені төленбеген салықтары 4 млрд теңгеден асады. Мұндай мол қаржының шын мәнінде мемлекет қазынасына түспегенін Шығыс Қазақстан облысы Шағын және орта бизнес жұмысшыларының кәсіподақ ұйымы растады. Ал мұнымен көлік тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер келіспейді.

Өскемендегі ұзын-саны 7 автобус паркінің тірлігі тұралап тұрғанына жылға жуықтапты. Тасымалмен айналысатын серіктестіктердің мүліктері тәркіленіп, мүмкіндіктері шектелген. Бұрынғыдай автобустары жүрмейді, не сата алмайды. Қандай да бір қаржылық жұмыстарды да жүргізе алмайды. Оған себеп - қазынаға құймаған берешегі бар. Кәсіподақ ұйымының айтуынша, жыл басында мемлекеттік кірістер департаменті  тасымалдаушыларды заңды бұзды деп айыптаған болатын. Салық жинаушы органның таққан айыбы мынау: автопарктердің жеке кәсіпкерлермен авторбустарды жалдауға байланысты  келімшартқа отыруға құқықтары болмаған. Ал қоғамдық тасымалды үшінші жаққа беруге  болмайды.

Галина Казанцева, ШҚО «Шағын және орта бизнес жұмысшылары» кәсіподақ ұйымының төрағасы:

Біздің заңнамаға сәйкес, бұл жұмыстың бір ұшын 3-ші жаққа беруге болмайды  деген түсінік жоқ. Бұл жағдайда мен бір-ақ нәрсе айта алам. 4 жарым млрд теңге деген Мемлекеттік кірістер департаментінің тексеруде көрсеткен сандары ғана. Олар оны іс жүзінде дәлелдей алмайды. Ал, бұл актіде департамент тексеруге құқылы деген жолдар мүлде жазылмаған.

Ал, көлік тасымалымен айналысатын кәсіпкерлер заң бұзбағанын айтады.  Ал, жеке кәсіпкерлермен келісімшартқа отыру - бизнестегі келісімнің кең тараған түрі, тәжірибеде бар дейді. Олардың кәсіподақ ұйымы заңгерінің мәліметінше, автопаркте техника тапшы. Сондықтан олар сыртпен келісімге келетін көрінеді. Ал, әр кәсіпкерлік орта өз мүмкіндіктеріне қарай 20 мен 40 пайыз аралығында.

Елена Рядинских, «Автотранспортный ЦЕХ BEST»  ЖШС директоры:

Біз тасымалды ұйымдастыра білдік, ал жеке кәсіпкерлер - біздің жалдамалы жұмысшыларымыз. Соған қарамастан, тексеруші тарап олардың тапқан табыстарының салығын бізге әкеп жаба салады. Келісімшартта  автобустарды күтіп-баптамайтынымыз анық жазылған. Соның арқасында рейстердің тұрақты түрде жүруі 94 пайыз. Қазақстан бойынша мұндай көрсеткіш еш жерде жоқ.