Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Маңғыстау облысында жоғалған сарбаз іздестіріліп жатыр

AstanaTV
21.12.2017ж. 20:00
2149
Маңғыстау облысында жоғалған сарбаз іздестіріліп жатыр

Маңғыстау облысында суға кеткен сарбаз іздестіріліп жатыр. Алдын ала болжамға сай, 22 жастағы Бейбіт Башиков 10 күн бұрын кезекшілік кезінде кеменің бортынан суға құлаған болуы мүмкін. Іздестіру жұмыстары күні-түні жүргізілуде. Бірақ әзірге нәтиже жоқ. Мына кадрлар оқиғадан бірнеше күн бұрын түсірілген. Оны әскери қызметкер Шығыс Қазақстан облысындағы анасына жіберген екен.

Гүлнара Башикова, Б.Башиковтың анасы:

Балам ештеңеге шағымданған емес. Мен одан қысым көрсету әлімжеттік бар ма деп сұрадым. Ол жоқ деді. Осында келсімшарт бойынша қаламын, командир көмектеседі деді. 4 баланың кенжесі еді.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі өкілдерінің мәліметінше, кеме жақындап қалған дауылдан қауіптеніп жағаға оралған. Оқыс оқиға кезінде теңіз жағалауынан 400 метрдей қашықтықта болған екен. Іздестіру жұмыстарына мұнай компанияларының кемелері жұмылдырылған. Жергілікті тұрғындар да атсалысып жатыр.