Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Кубаны жаңа президент басқаратын болады

AstanaTV
22.12.2017ж. 20:00
1604
Кубаны жаңа президент басқаратын болады

Кубада президент сайлауы келесі жылдың көктемінде өтеді. Бұл туралы мемлекеттік кеңес пен министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастро мәлімдеді, - деп хабарлайды Рейтерс. Кастроның өзі кез келген басшы елдегі билік тізгінін екі мерзімнен артық иемденуіне болмайды деген пікірде. 86 жастағы президент Кубаны 2008-ші жылдан бері басқарып келеді. Одан бұрын  ағасы Фидель Кастро 50 жыл ел басқарған болатын.

Сайлау 19-шы сәуірге жоспарланған. Әу баста саяси науқан ақпанда өтеді деген жорамал болған еді, алайда, «Ирма» дауылынан айтарлықтай зардап шеккен аралда қиындықтар орын алды. Салдарынан ел билігі сайлауды кейнге қалдыруды жөн санапты. Associated Press  агенттігінің хабарлауынша, президент тағына Куба мемлекеттік кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Мигель Диас-Канель жайғасуы мүмкін.