$498.51 €522.84 ₽4.81
×

«Есіктен есікке» шарасы жалғасын тапты

AstanaTV
22.12.2017ж. 20:00
4965
«Есіктен есікке» шарасы жалғасын тапты

Алматыда «Нұр Отан» партиясының бастмасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен есікке дейін» акциясы жалғасын тапты. Бостандық ауданында тұратын көп балалы отбасы жаңажылдық сыйлықтарға ие болды. Төрт қыз бен бір ұл тәрбиелеп отырған Алишевтер отбасына азық-түлік себеті мен түрлі ойыншықтар тарту етілді. Мұндай қуанышты оларға партия өкілі, қалалық мәслихаттың депутаты Мұхит Әзірбаев сыйлады.

Акция жыл соңына дейін жалғаспақ.  Бостандық ауданында 1 мыңға жуық әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылар бар. Сондай-ақ 382 алтын және күміс алқа иегерлері, 73 ардагер мен 300-ден астам мүгедек баласы бар жанұялар тұрады. Партия өкілдері жыл бойы осындай жандарға қолдау көрсетілетінін айтады.

Мұхит Әзірбаев, Алматы қалалық мәслихатының депутаты:

Қала әкімшілігі өкілдері, кәсіпкерлердің қатысуымен өтеді. Оның мақсаты - қолдан келгенше, әлеуметтік жағдайы төмен жандарға, ардагерлерге мүгедек отбасыларына, қолдан келгенше, жақсылық жасап кетеміз.