Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

«Нұр Отан» партиясы ауыр жағдайға тап болған көп балалы ананы қуантты

AstanaTV
22.12.2017ж. 20:00
2201
«Нұр Отан» партиясы ауыр жағдайға тап болған көп балалы ананы қуантты

Павлодарда тұрмыс тауқыметін тартқан отбасыға "Нұр Отан" партиясы көмек көрсетті.  Жалғыз өзі алты баланы асырап отырған Саянгүл Мұхамеджановаға 5 тонна көмір мен азық-түлік жеткізіп берді. Партиялықтар алдағы уақытта бұл отбасыны назарда ұстап, қолдау көрсетеді. Саяжай аумағында үй жалдап тұратын ана балалары өскенде осы бейнетінің зейнетін көретініне сенімді. Жолдасы екі жыл бұрын көз жұмған. Ауыртпалық сол кезден басталыпты. Отбасының кірісі асыраушысынан айрылғаны үшін төленетін 50 мың теңге мен балалардың 9 мың теңге жәрдемақысы. Оның өзі ас-судан артылмайды,- дейді Саягүл. Кішкентайымен үйде отырған әйелге тұрақты жұмысқа орналасу қиын. Амалы таусылған ана қайырымды жандардан көмек сұрауға мәжбүр болған.

Саянгүл Мұхамеджанова, жалғызбасты ана:

Теледидардан, бағдарламалардан көріп жатамын ғой, көп көмектер көрсетіп жатады «Нұр Отан». Сосын ойландым да, бардым. Кішкене болсын, біраз қолдау болады деп. Мен ризамын. Көп көмек көрсетіп жатыр. Бүгін міне құттықтап келді. Сыйлықтар берді.