Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Оралдағы көп қабатты үй тұрғындары тоңып отыр

AstanaTV
25.12.2017ж. 20:00
2544
Оралдағы көп қабатты үй тұрғындары тоңып отыр

Оралдағы көпқабатты үй тұрғындары тоңып отыр. Олар "қақаған суықта қала әкімі біздің үйге келіп, қонып көрсін" деп отыр. Мұндай ұсынысты жасауға мәжбүрміз деген халық, үйдің суықтығына шаһар басшысының көзі жетсе, жылу берілуіне себі тие ме деп үміттенеді.

Қамбар батыр көшесіндегі бұл үйге жас отбасылар былтыр қоныстанған. Бірақ берілетін жылудың күші мардымсыз, пәтерлер азынап тұр. Терезелерден гулеген жел жылуды алып кетеді. Үйдің ішінде күртеше киіп жүретін тұрғындар, балалары аурудан көз ашпағасын, туыстарын паналап көшіп кеткен. Ал басқа баратын жері жоқ үй иелері суық тиген кішкентайлары аурудан көз ашпайтынын айтып ашынады.

Мұхтар Рамазанов, Орал қаласының тұрғыны:

Шыны керек, мына КСК бастығын да, не болмаса қала әкімі болса да, осы біздің үйге келіп, бір күн түнеп көрсе, өздері келіп, басшылар көреді қандай болатынын.

Самат Ғабдиев, Орал қаласының тұрғыны:

Кішкентай балалар түгілі, біз үлкендер әзер шыдап жатырмыз бұл салқынға. Кішкентай балалар барлығы қазір ауырып жатыр, грипп. Кейбірі көздері былшықтан ашылмайды. Бұл қыстың енді бастамасы. 10 градус әлі болмаған шығар, ертең қыста болатын 30-40 градустарда не болатынын айту мүмкін емес сияқты.

«Жайықжылуқуат» мекемесінің өкілдері үйге дейінгі жылу желісінің жұмысынан ақау таппады. Айтуларынша, бар кінәрат үйішілік жылыту жүйесінің дұрыс ойластырылмауынан болуы мүмкін. Ал осы үйді қарауына алған «ИП Мұқатаев» сервистік компаниясының өкілдері бүгін үйге жылу беретінін жеткізді.

Нұрлыбек Мұқатаев, «ИП Мұқатаев» сервистік компаниясының басшысы:

Білмеймін, котельныйдан дұрыс келмей жатыр ма, жылу дұрыс бармай жатыр. Оны білеміз. Бүгін «Жайықжылуқуаттан» келді кісілер. Қарап жатырмыз, сағат бес жарымға дейін жылу беріледі.