Жыл
басынан бергі инфляция 3,8 пайызды құрады. Жылдық көрсеткіш 7,6 пайыз. Бұл
Ұлттық экономика министрлігінің дерегі.
Тағам 7 айда 4,6 пайызға өскен.
Азық-түліктік емес тауарлар 3,5 пайызға, қызмет 3,3 пайызға артты. Барлық
салада қымбатшылық байқалады. Елде соңғы 7 айда нақты жалақы да 2,4
пайызға төмендеген. Еуразиялық экономикалық комиссия осындай ақпарат таратты.
Қазақстан - одақ ішінде көрсеткіші төмендеген жалғыз ел. Беларусь, Ресей мен
Қырғызстанда сатып алу қабілеті шамамен 3 пайызға өскен. Тек Армения бұрынғы
көрсеткішін сақтаған. Дегенмен, одақ елдеріндегі атаулы еңбекақы немесе кіріс
өскен. Оның ішінде Балоруссиядағы көрсеткіш өткен жылдан 9,5 пайызға артқан.
Ресей мен Қырғызстанды алға жіберген Қазақстан 4-ші орында. Атаулы жалақы 5,1
пайызға жоғарылаған. Ең төменгі көрсеткіш Арменияда.
Бірақ Ұлттық экономика
министрі бұл нарықтағы шынайы жағдайды көрсетпейді деп, елде жалақы өлшеудің
жаңа мөлшерін енгізу керектігін айтқан еді.