Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Қазақстанда жаңа әуе компаниясы пайда болады

AstanaTV
02.08.2017ж. 20:00
2228
Қазақстанда жаңа әуе компаниясы пайда болады

Қазақстанда жаңа әуе компаниясы пайда болады. Ол жүк тасымалымен айналысады. Бұл туралы Инвестициялар және даму министрінің орынбасары Алик Айдарбаев мәлімдеді.

Жаңа компанияны "Қазақстан Темір жолы" мен "Эйр Астана" бірлесіп құрады. Жыл соңына дейін екі лайнер сатып алу жоспарланған. Қазақстан бүгінде әуе арқылы жүк тасымалдау үшін шетелдік компаниялардың қызметіне жүгінеді.

Алик Айдарбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

Сегодня "Қазақстан темір жолы" ищет партнера, который будет работать в этом направлении. В наших планах до конца года создать эту компанию.

Ал отандық бренд болуға ауылшаруашылы өнімдері лайық деп танылған. Қазақтың еті мен таза тағамдары бренд ретінде ресми тіркелген. Биыл жаңа брендті экспортқа шығарады. Негізгі нарық Ресей, Иран мен Қытай. Еске салсақ, 2013 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаев "Made in Каzakhstan" дейтін кемінде 3-4 бренд шығаруды тапсырған.

Алик Айдарбаев, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

Ауыл шаруашылығы минисртлігімен бірлесіп, үш брендті тіркеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Олар ет өнімдерін таныту үшін, KazMeat, QazaqOrganicFood және HalalKazakhstan деп аталды. Бізде ауылшаруашылығы әлеуеті жоғары, оны толығымен пайдалынып отырған жоқпыз.