Оралда
халықтан жиналған қару-жарақтар жойылды. Балқытылған 137 дана суық қарудың
ішінде тегіс ұңғылы мылтықтар мен газбен атылатын және травматикалық
тапаншалар, электрошокерлер бар. Ешбірі тіркелмеген, заңды құжаттары да жоқ.
Жауапкершіліктен қашқан иелері бұл қаруларды өз еркімен тапсырған. Сондықтан
оларға өтемақы төленбейді.
Айта кетейік, биыл «Қару» акциясы аясында 502 мылтық
жойылып, иелері 8 миллион теңге көлемінде өтемақы алған. Халықтан жиналған
мылтықтардан өзге, түрлі пышақтар да бар. Олар қылмыс болған жерден айғақзат
ретінде тәркіленіп алынған. Арнайы пеште балқытылып, темір шарға айналған суық
қарулар енді бейбіт мақсаттағы өндіріске пайдаланылады.
Ибрагим Жүсіпқалиев, БҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы:
Азаматтардың
осы жағдайға түсіністікпен қарап, өз еркімен тапсыруы дұрыс деп есептейміз.
Мұның өзі негізі қылмыстың алдын алуға бағытталған шаралар.