$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Жамбылда әкелі-балалылар құрған қылмыстық топ қолға түсті

AstanaTV
02.08.2017ж. 20:00
2953
Жамбылда әкелі-балалылар құрған қылмыстық топ қолға түсті

Алматыда әкелі-балалылардан құрылған қылмыстық топ қолға түсті.  56 жастағы азамат баласымен бірге 40 тонна сексеуілді сатар кезінде ұсталып отыр. Құрықталғандар қатарында тағы бірнеше адам бар. Барлығы Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының тумалары.

Жедел топ күдіктілерді Алматы қаласы Ақбұлақ ауданына КамАЗ көлігімен кіріп келгенде үлкен партиясымен құрықтайды. Полицейлердің құрықтау шарасы қос облысты қамтыған. 11 жерде бір уақытта жүргізілген тінту кезінде бірнеше күдіктінің тұрғынжайынан заңдастырылмаған тегіс оқпанды қару, қос ауызды мылтық пен «Калашников» автоматы тәркіленген. Сондай-ақ, әр түрлі қарулардың 6 ұңғымасы, 17 аңшы оғы мен 8 автомат оғы табылған. Олар аталған аймақтарда  3 жылдан бері заңсыз сексеуіл кесіп, сатып келген дейді мамандар. 

Руслан Қыдырғалиев, Жамбыл облысы ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары:

Обычск жасағанда 10 тонна сексеуіл табылды. Ал баласының үйінен камаздың ішінен 15 тонна сексеуіл шықты. 40 тонна басқа мекенжайлардан табылды. Оны дайындап жатқан сатуға. Қылмыстық іс қозғалған 340 бап 4 тармағымен. Онымен 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады