«Науқас
балама білікті мамандардың көмегі керек». Осындай өтінішпен "Нұр
Отан" партиясынан көмек сұрай келген ананың мәселесі бақылауға алынатын
болды. Бұл «Кедергісіз келешек» жобасы
аясында өткізілген «Бірыңғай тақырыптық қабылдау» Республикалық акциясына
келушілердің бірінің басындағы жағдай.
Бүкіл
ел бойынша осы тектес базынасын жеткізуге асыққан 1 жарым мыңға тарта азамат
тиісті мамандарға сауалын қойып, жауап алды. Ал Астанадағы республикалық
қоғамдық қабылдауға 22 адам келді. Оларды әсіресе, әлеуметтік жәрдемақы,
мүгедектікті рәсімдеу мен жұмысқа орналасу жайы мазалайды. «Кедергісіз келешек»
партиялық жобасы аясында «Нұр Отан» партиясының аймақтық филиалдарында еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласы өкілдері
азаматтарға жан-жақты кеңес берді. Мұндай акция жылына бірнеше рет дәстүрлі
түрде өткізіліп тұрады.
Арыстанғали
Сансызбаев, "Нұр Отан" партиясы республикалық қабылдау бөлмесі
меңгерушісінің орынбасары:
Мына мәселелердің барлығы біздің партияның бақылауында болады. Айта кететін тағы бір жайт - мұндай қабылдау жалпы Қазақстан бойынша жүргізіліп жатыр. Яғни барлық филиалдарда осындай қабылдаулар бүгінгі күні өткізілуде.