Негізгі / Жаңалықтар / Астанада құрылыс компанияларының "қара тізімі" жаңартылды

Астанада құрылыс компанияларының "қара тізімі" жаңартылды

Астана билігі лицензиясыз жұмыс істеген құрылыс компанияларының "қара тізімін" жаңартты. «Крыша кз» порталының хабарлауынша, аяқталмаған нысандарды түгендеу кезінде бірталай кемшіліктер анықталған. Нәтижесінде, 35 компания мен олар салған 40-тан астам тұрғын үй "қара тізімге" енгізілді. Олардың ішінде «Куршавель» ТК, «Роял ЭКСПО», «Корғалжын кварталы», «Айсанам де люкс», «Территория комфорта» кешендері бар. Бұл ғимараттарды салған фирмалар бірнеше айлап қаржылық қиындықтарға тап болған, әрі заңбұзушылықтарға жол берген. Бірақ осыған қарамастан, көп қабатты үйлердегі пәтерлер заңсыз сатылған. Шамамен 9 мыңға тарта үлескер алданып қалды, деп жазады портал. "Қара тізімді" толықтырған құрылысшылардың мәселесі май шаммен қаралатын болады. Бүгінде қала әкімдігі осыған байланысты арнайы комиссия құрып үлгірген.