Негізгі / Жаңалықтар / Алматы әуежайында бірнеше рейс уақытынан кешікті

Алматы әуежайында бірнеше рейс уақытынан кешікті

Алматыда бірнеше әуе рейстері ауа райының қолайсыздығынан кейінге шегерілді. Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының Facebook әлеуметтік желісінде хабарланды. Ақпаратқа сай, мұндай жағдай соңғы екі тәулікте орын алған. Ал, компанияның мәліметтеріне қарағанда, бүгін әуе айлағындағы жағдай аздап тұрақталды. Тұман сейіліп, айналадағы қашықтық 2000 метр жерден анық көрініп тұр. Сондықтан ұшақтардың ұшып-қонуына рұқсат берілген. Бас-аяғы 22 ұшақтың кестеден кешігуі тіркелген. Олар Алматы-Дубай, Алматы-Ташкент, Алматы-Москва, Алматы-Гонконг сияқты халықаралық рейстер. Ал ішкі рейстерден Алматы-Қарағанды, Алматы-Астана, Алматы-Шымкент сияқты бағыттарға ұшып шығуы тиіс әуе кемелері дер кезінде ұша алмаған. "Ауа райының қолайсыздығына орай туындаған жағдайға қатысты тиісті шаралардың барлығы қолданылды", - делінген ақпаратта.